Жаңалықтар

Қазақтың батыры Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыры» атты шежірелерді дауыстап оқу сағаты өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың батыры Өтеген Өтеғұлұлының туғанына 325 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыры» атты шежірелерді дауыстап оқу сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы Өтеген батырдың өмірі мен ол жайлы аңыздармен таныстырып, «Ұлы дала батыры» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ Өтеген батыр жөнінде ел аузында аңызға бергісіз «Мүйізді Өтеген атануы», «Өтегеннің Абылайды сынауы», «Өтегеннің қарызды қайтаруы» атты әңгімелерін ауызша айтып берді. Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.11.2024

Қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Шұғаның белгісі» әңгімесін талқылауы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Шұғаның белгісі» әңгімесін талқылауы өтті. Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Бейімбет Майлин ақын, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, кітап көрмесінде «Азамат Азаматыч», «Шұғаның белгісі» сынды кітаптары мен көп томдық шығармалар жиынтығы таныстырылды. «Өмір жолы» атты бейнетаспа көрсетіліп, «Шұғаның белгісі» туындысына талдау жүргізілді. Шараға Innoverse мектебі мен Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысып, Бейімбет Майлиннің туындыларына қанық болып, терең ой түйіп қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.11.2024

«Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» ақпараттық сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің нышаны» ақпараттық сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов оқырмандарға ұлттық валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі мен түрлену тарихымен таныстырылды. Ең алғашқы теңгемізді қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесін бейнеленгенін еске сала отыра, бүгін ұлттық валютаның айналымға енгеніне 31 жыл болғаны туралы айтылды.
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.11.2024

Қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Атадан туған ардақты ер» атты тұлғатану сағаты өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде қазақ жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Атадан туған ардақты ер» атты тұлғатану сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жазушы Бейімбет Майлиннің өмірбаянымен, балалық шағы мен еңбек жолдары, әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңнен бастағаны және қазақ поэзиясының дамуына лайықты үлесін қосқаны, оның поэзия, проза, драматургия жанрларында жазған шығармалары тұнып тұрған шындық екені жайлы атап айтып, жазушының «Шұғаның белгісі», «Қызыл жалау», «Азамат Азаматыч», «Тартыс», «Ауыл» атты кітаптарына библиографиялық шолу жүргізді. Шараға Мойнақ ауылының №23 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары қатысып, жазушынының туындыларына қанық болып, терең ой түйді.
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.11.2024

Ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» атты облыстық конференция өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында көрнекті қоғам қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің сұңқары» тақырыбында облыстық конференция өтті. Конференцияның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді ортаға салу. Тұлғаның қазақ еліне жасаған айтулы істерін насихаттау. Ақынның шығармаларынан «Сұлу жырдың сұңқары» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жүргізілді. Дәстүрлі әнші, «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің оқытушысы Төлеутай Серіков пен колледж студенті Яна Адамова ақынның сөзіне жазылған әндерді тебіренте орындаса, шығармаларынан Талдықорған қаласының №12 орта мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларының дайындаған әдеби-монтажы тыңдалды. Конференция барысында Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллиннің музейіне онлайн-саяхат жүргізіліп, ақынның тұлғалық бейнесі, оның ел үшін жасаған елеулі еңбегі мен...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.11.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика